ITMLab жобасын ITeachMe қоры Шеврон компаниясының Еуразиялық бөлімшесімен серіктестікте және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.
Жобаның мақсаты - мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға көмектесетін инновациялық шешімдер, IT-шешімдер немесе реабилитация құралдарын жасау.
3D-басып шығару арқылы таяқтарға арналған қолжетімді айналмалы ұштықтарды өндіру
Мүгедек арбасына қосымша мобильділік қамтамасыз ететін электроприставка
Ишарат тілін мәтін/аудиоға және керісінше аударатын қосымша
Брайль технологиясына негізделген адаптивті дисплейі бар электронды кітап
Көру қабілеті бұзылған адамдарға тактильді сигналдар арқылы ақпарат беретін кулон және білезік
Дәрігерлік мекемелерде де, үйде де реабилитация үшін локомоторизованды тренажер